19-маусымда Шымкенттіктер "Қала күнін" тойлайды.
Үшінші мегаполисте алғаш рет "Қала күні" мерекесі аясында "Жастық шақтың аспаны" батпырауық фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
19 маусым күні Шымкенттегі "Тәуелсіздік" саябағында сағат 17:00-де қала тұрғындары мен қонақтарын "Жастық шақтың аспаны" батпырауық фестиваліне шақырады. Онда бірінші келген 100 балақайға батпырауық пен балмұздақ тегін тартылатын болады.
Аталған фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына, әсіресе, балаларға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.