Полиция қызметкерлері тапсырған қан – қаланың ондаған тұрғындарын емдеуге және құтқаруға көмектеседі.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Қан тапсырып - адам өмірін сақта!» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Үшінші мегаполистің тәртәп сақшылары Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық қан орталығы» МКҚК-ға қан тапсырып, донор атанды. Тиісінше, бұл игі шара полицейлерге өз қызметін тоқтатпай пайдалы және қажетті істі – қан банкісін толықтырып, ауру адамдарға көмек көрсетуге себеп болып отыр.
Аталған акция барысында, медицина қызметкерлері еріктілердің барлығына өз алғыстарын білдіріп, Полиция департаменті – қызметінде адам өміріне қатер төнетін жағдайлармен күнделікті бетпе-бет келетіндіктен, донордың маңыздылығын түсініп, медициналық қызметкерлердің көмек көрсету туралы өтініштеріне әрдайым дайын қаладағы белсенді ведомстволардың бірі екендігін айтып кетті.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері тапсырған қан – қаланың ондаған тұрғындарын емдеуге және құтқаруға көмектеседі.