Өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тағылымды тұлғаларға құрмет көрсету – қоғамның ортақ міндеті.
Қарттар күніне орай Шымкент қаласының зейнеткерлеріне құрмет көрсетіліп, республика бойынша алғаш рет тегін кино көрсетілімі ұйымдастырылды.
1 қазан күні «Фиркан-Сити» және «Shymkent Plaza» сауда-ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрларда төрт сеанс өтті. Көрсетілімдерге 150-ден астам зейнеткер қатысып, «Көксерек», «Тақиялы періште», «Менің атым – Қожа», «Москва слезам не верит» фильмдерін тамашалады.
Мәдени іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік жасау.
Өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тағылымды тұлғаларға құрмет көрсету – қоғамның ортақ міндеті.
Шымкент қаласында тұрғындардың, оның ішінде аға буын өкілдерінің мәдени демалысын ұйымдастыруға бағытталған осындай әлеуметтік бастамалар жалғасын табады.


