«Қарызсыз қоғам» жобасы - азаматтардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға, борыштық жүктемені азайтуға және халықтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігіне тоқталып, аталған бастаманы жалғастырудың маңызын атап өтті.
Жоба аясында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, несие жүктемесін азайту және құқықтық қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Шымкент қаласы бойынша 2025 жылы DE санатындағы азаматтарды оқыту жоспары 22 200 адамды құраған. Сонымен қатар, несие төлемін 90 күннен астам мерзімге кешіктірген азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетілді. Нәтижесінде жоба аясында 34 814 адам қамтылып, жоспардың орындалу көрсеткіші 156,8 пайызға жетті.
Ал 2026 жылға Шымкент қаласы бойынша 18 900 азаматты оқыту жоспарланған. Сонымен қатар, несие бойынша төлем мерзімі 90 күннен асқан азаматтарға тегін құқықтық және консультациялық көмек көрсету жұмыстары жалғасады.
Жоба шеңберінде азаматтарға бұғатталған банк шоттарын ашуға, қаржы ұйымдарымен жаңа төлем кестесін бекіту арқылы несиелерді қайта құрылымдауға, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерінен өтуге, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге қатысты кешенді қолдау көрсетіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін республикалық Call-орталықтың 8 700 855 85 85 байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Сондай-ақ тұрғындар:
– @qaryzsyz_qogam Instagram парақшасы;
– Qaryzsyz_Qogam2026 Telegram арнасы;
– qogamfin.kz платформасы арқылы онлайн оқыту курстарына қатысып, құқықтық көмек жөнінде ақпарат ала алады.
Шымкент қаласында жоба аясында азаматтарды қабылдау жұмыстары «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Әр аптаның бейсенбі күні құқықтық көмек көрсету бойынша онлайн консультациялар ұйымдастырылады.
Жобаны Шымкент қаласы бойынша өңірлік үйлестіруші Турарова Ақбота Мұратқызы үйлестіреді. Азаматтарға құқықтық және консультациялық көмек көрсетуге Райгүл Пушаева, Динара Айтжанова, Севара Әбілқасымова, Ақсұңқар Әділхан, Ұлпан Ерғазина және Жарқынай Аширова қатысуда.
«Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға, борыштық жүктемені азайтуға және халықтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама болып отыр.


