"Халықтың вакцинаға деген ықыласы жақсы" - Мұрат Әйтенов

0
546

Вакцинациялауға 753 медицина қызметкері жұмылдырылған.


Шымкент қаласында 163 515 адам КВИ-ға қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Шымкент тұрғындары коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны белсенді түрде алуда. Халықтың вакцинаға деген ықыласы жақсы. Күні бүгін вакцина алатын контингенттің 30 пайызынан астамына вакцина салынды, Шымкент бұл көрсеткіш бойынша көш басында", - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Үкімет отырысына селекторлық режимде қатысып, қаладағы эпид ахуалды баяндаған қала басшысы ақпан айынан бастап азаматтарды вакцинациялау үшін 43 стационарлық және 25 жылжымалы бекет ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Бүгінге бірінші компонент 163 515 азаматқа, ал екінші компонент 66 657 азаматқа салынды. Вакцинациялауға 753 медицина қызметкері оқытылып, жұмылдырылды», - деді қала әкімі.
Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы іске енгізілді. Қазіргі таңда, 428 бизнес субьектілері жобаға қосылды, статус анықтау барысында 25 қызыл және 87 сары түспен азаматтар анықталған.