​«КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫ: Шымкентте республикалық акция жалғасын табуда

0
515

Сонымен қатар, бүгін тазалық акциясына ақхалатты мамандар да жұмыла кірісті.


​«КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫ: Шымкентте республикалық акция жалғасын табуда

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында республикалық акция аясында тазалық жұмыстары жалғасып жатыр.

Осы орайда бүгін Абай ауданы қарасты Алтынтөбе тұрғын алабындағы мазарат аумағын ретке келтіруге 250- ден астам адам жұмылдырылды. Бұл сауапты іске ауданның тұрғындары, кәсіпкерлер де атсалысты.

Қорымдарды таза ұстау-сауапты іс. Осы арқылы дүниеден өткендерге құрмет көрсете аламыз. Өйткені, «өлі разы болмай-тірі байымайды» деген бар.

Тазалық жұмысына қатысқандар мазараттың аумағын тазалап, шөптерді орып, ағаштарды бұтап, қурағанын кесті. Жел ұшырған қоқыс қалдықтардан, үйіліп тасталған қапшықтардан, ұйысып өскен әрі әбден сарғайған тікен шөптерден тазартты.
Сондай-ақ, құлпытас орнататқандардың артылып қалған құрылыс заттарын «кері алып кетуге» болмайды деген сылтаумен тастап кетуіне байланысты жиналған қалдықтар шығарылды.
Мазарат аумағын тазалауға 17 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 20 тонна қоқыс шығарылып, зират маңы едәуір тазарып қалды.
Айта кетейік, бұл «Киелі мекен» апталығына орай ұйымдастырылған сауапты іс болды.
Сонымен қатар, бүгін тазалық акциясына ақхалатты мамандар да жұмыла кірісті. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы «Киелі мекен» апталығын Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина ұйымдарының қызметкерлері жалғастыруда. Бұл жолы олар қолдарына медициналық құрал-жарақтар емес, тазалық жұмыстарына арналған заттарды алып шықты.
Ақ халатты абзал жандар игі бастаманы қолдап, айналаны көркейту-көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосуда.
Нақтырақ айтар болсақ, N2 қалалық аурухана қызметкерлері “Қасірет” мемориалы аумағына барып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Айналаны қоқыстан тазалады, сыпырды. Ал Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының қызметкерлері қаладағы Ж.Ташенов ескерткіш аумағында тазалау жұмыстары жүргізді.
№4 емхана қызметкерлері Shymqala этно-тарихи кешенінің аумағындағы қоқыстарды тазартып, көгалға күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Ағаштардың түптерін әктеді, қураған ағаштардан тазартты.

«Қазақ халқы бірінші байлық денсаулық деп денсаулықты күтуге қатты көңіл бөлгені белгілі. Міне, сол денсаулықтың мықты болуы да тазалыққа қатысты екенін «тазалық – денсаулық кепілі» деген бір ауыз сөзбен көрсеткен. Деннің саулығы әр адам үшін қалай маңызды болса, тазалық та дәл сондай маңыздылыққа ие болу керек». - дейді, тазалыққа қатысқан медицина қызметкерлері.

Бөлісу