ЫДЫС ЖУҒАНДА БАЛЕРИНА БОЛ: ​Үй шаруаларын фитнеске айналдырудың 5 айласы

0
406


ЫДЫС ЖУҒАНДА БАЛЕРИНА БОЛ: ​Үй шаруаларын фитнеске айналдырудың 5 айласы

Физикалық жаттығулар – саулықты сақтаудың, формада болудың керемет тәсілі. Алайда спортзалға баруға, үйде арнайы уақыт бөлуге мүмкіндік үнемі табыла бермейді. Осыған байланысты фитнес-тренерлері үй жинау жұмыстарын жаттығуға айналдыруға болатын кішігірім қулықтармен таныстырды.


Еңкеюдің орнына отырып-тұру

Жеке жаттықтырушы Джеймс де Лейсидің айтуынша, отырып-тұру - көптеген бұлшықетті іске қосатын ең пайдалы жаттығулардың бірі. Ол еденнен бірдеңе алу немесе төменгі шкафтың есігін сүрту сияқты кездерде еңкею, иілудің орнына отырып-тұруды ұсынады.


Шаңсорғышты жылдамырақ қолдан!

Үй жинау кезінде калория жағудың тағы бір жолы – шаңсорғышпен әдеттегіден белсендірек жұмыс істеу. «Шаңсорғышты күштірек әрі жылдамырақ итеріп көріңіз, – дейді Джеймс, – Бұл жүрек соғу жиілігін арттырып, кәдімгі үй жұмысын кардио жаттығуға айналдырады».

Ал фитнес-нұсқаушы Мэтт Калкотт-Стивенс мынадай кеңес береді: «Үй ішінде жай ғана жүрмей, аяқпен алға қарай адымдап отырып қозғалыңыз (выпады жаттығуы). Бұл жаттығу аяқ пен жамбасты қатайтып, тепе-теңдікті жақсартуға көмектеседі»


Еденді билеп сүрт!

«Би – көңілді әрі тиімді кардио жаттығу. Сүйікті музыкаңызды қосып, шаң сүртіп жүріп билеңіз. Бұл көңіл-күйіңізді көтеріп, калорияны көбірек жұмсауға көмектеседі» деп кеңес береді фитнес және тамақтану туралы сайттың авторы әрі жеке жаттықтырушы Дэниел Кастильо.


Көбірек жүр!

Үй жинау кезінде бір бөлмеден екінші бөлмеге өтіп жүресің. Бірақ бұл қозғалысты әлі де арттыруға болады. Мысалы, заттарды бірден бірнешеуін емес, бір-бірден тасу арқылы.

«Бұл жүрек соғу жиілігін арттырып, аяқтарыңды жақсы формада ұстауға көмектеседі» дейді де Лейси.


Ыдыс жуғанда балерина бол!

Ыдыс жуу да калория жағуға және бұлшықет өсіруге көмектесетін мүмкіндік.

«Мен ыдыс жуған сайын аяғымның ұшына (саусаққа) көтеріліп, қайта өкшемді жерге түсіріп тұрамын. Бұл балтыр бұлшықеттеріне тамаша жаттығу» дейді Мэтт.

Аударған: А. Керім Бек,

ERNUR.KZ