​ФЕЙСФИТНЕС пайдалы ма, зиян ба?

0
340

Фейсфитнес - бұл тері эстетикалық кемшіліктерімен күресуге бағытталған денсаулықты сақтау әдісі.


​ФЕЙСФИТНЕС пайдалы ма, зиян ба?

фото: lisa.ru

Фейсфитнестің пайдасы бар екенін дәрігермен кеңесу қажет. Өйткені, бұл ғылыми дәлелденбеген. Бет фитнесінің дәрігерлер тарапынан көптеген сұрақтар туғызуының себебі - оның пайдасын растайтын дәлелді базаның болмауы. Бұл мәселе бойынша үлкен зерттеулер жүргізілген жоқ, бірақ әлеуметтік желілерде бұл туралы мәлімет өте көп, барлығы да косметологтар мен жаттықтырушылардың жеке пікірлеріне негізделген. Бұл әдістің пайда болу тарихы да күмән тудырады. Бір деректерге сүйенсек, оның негізін қалаушы –«5-минуттық бет-әлпет» кітабын жазған Рейнхольд Бернц есімді неміс дәрігері. Сондықтан, осы екі жақты пікір қайшылықтары сіздің дұрыс таңдау жасауыңызға кедергі болмауы қажет.


Фейсфитнес деген не?

Фейсфитнес - бұл тері эстетикалық кемшіліктерімен күресуге бағытталған денсаулықты сақтау әдісі.


Пайдасы бар ма?

Жаттықтырушылардың айтуынша, бет фитнесі бет пен мойынның ортаңғы және жоғарғы бұлшықеттерін жұмыс істеу арқылы теріні қатайтады. Адам күнделікті эмоциялар дауылын бастан кешіреді, оларды бет бұлшықеттерінің экспрессивті қозғалыстарынан мимикамен көрсетеді, сөйлеседі (біреу ән айтады) және тамақты шайнайды. Қабағымызды түйеміз, нәтижесінде қасымыздың арасына әжім түседі. Көп күлгеннен ерініміздің айналасын әжім торлауы мүмкін. Біздің бетімізде күн сайын 15 мың рет қозғалатын 57 бұлшық ет бар. Күлу, эмоцияға ерік беру адамға тән қасиет. Бірақ соның салдарынан әжім түсетіні тағы бар.

Бұл бұлшықеттер бізде үнемі қатысады, бірақ әжімдер мен гравитациялық птоз (жұмсақ тіндердің жасқа байланысты пролапсы) тоқтату мүмкін емес. Сондықтан бетке арналған гимнастика жай ғана жұмыс істемейтіні қисынды. Алайда, фейсфитнестің кейбір жаттығулары массаж техникасынан алынған. Сол себепті дұрыс жасай білсеңіз пайдасы зор.

Бүгінгі таңда фейсфитнесті «жаңа заманның спорты» деп атайды. Денеміз сияқты бетіміз де жас ұлғайған сайын қартая бастайды. Егер бет терісіне күнделікті күтім жасайтын болсақ, қартаю процессінің уақытын қысқартуға болады.

Дұрыс фейсбилдингте көптеген релаксация және спазмды жеңілдету жаттығулары бар. Гимнастиканың міндеті қарапайым: сіз бұлшықеттерді сау тонусқа келтіресіз, бет әлпеті тірі болады, тамырлар мен жүйке талшықтары босаңсиды, фиброз жойылады, тіндер қозғалмалы және пластикалық болады. Бетте әрдайым кейбір бұлшықеттер тонуста болады, ал басқалары шамадан тыс жүктеме арқалауы мүмкін. Сондықтан жұмысқа жан-жақты қарау керек.

фото: dzen.ru

Бет фитнесінің нәтижесі қандай?

Фейсфитнес жаттықтырушыларының айтуынша, бет фитнесі адамның қартаюдың ісіну-деформациялық түрі болған жағдайда ғана пайдалы болуы мүмкін деп санайды. Ол беттің ісінуінде, әсіресе қабақтың және көздің астында, қалқымалы сопақша, айқын екінші иек, терең мұрын-ерін қатпары менауыздың салбыраған бұрыштарында көрінеді. Мұндай өзгерістердің себептерінің бірі-әлсіз бұлшықеттер. Біздің бетімізде мыңдаған капиллярлар бар, егер бұлшықеттер қысылып, қысқаратын болса, онда бұл капиллярлар қысылып, жеткілікті мөлшерде нәр ала алмайды. Ауа-райының қолайсыздығы, жел, күн, ластанған ауа, осының барлығы теріміз үшін зиян. Оған қоса, салауатты өмір салтын ұстанбау, дұрыс тамақтанбау, ұйқысыздық секілді себептер де бар.

Фейсфитнестің арқасында тері оттегіге қанығады. Тері жаңарып, жасушалық зат алмасуының белсенділігі артады. Бет терісінде ісіну мен терінің салбырауы жиі кездеседі. Бұл дұрыс тамақтанбаудан, жас ерекшелігіне байланысты терідегі өзгерістен, ұйқының қанбауынан болады. Бұл денедегі қан айналымын өзгертеді, сол себепті бет терісіне бірден әсер етеді. Фейсфитнес тоқтап қалған лимфаның жұмысын жақсартады. Бетіңіз бірнеше жаттығудан кейін-ақ жасарып, тартылып, көзіңіз үлкейе түседі.


Фейсфитнеспен қанша уақыт айналысқан жөн?

Бетке арналған жаттығуларды жасаудың белгілі бір уақыты жоқ. Кейбір мамандар аптасына 2-3 рет жасау жеткілікті десе, енді біреулері күнделікті жасап отыру нәтижелі келеді деп сендіреді. Дегенмен бұл жерде адамның ниеті мен көңіл-күйіне байланысты. Жаттығулардың техникасын дұрыс қолдана білсеңіз, ешқандай қарсы көрсетілімі жоқ.

Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ӘЖІМ ТҮСІРМЕЙТІН масканы қолдан жасай аласыз


Мінсіз теріге арналған 8 түрлі кеңес