"Қымбатты дәрігерлер!" - Шымкенттік отбасы коронавируспен күрескендерге ән арнады

0
1 744

52 жастағы кәсіпкердің музыка саласына ешқандай қатысы жоқ.


Шымкенттік отбасы елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты тәулік бойы індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне арнап ән шырқады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкент қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бақтияр Қалтаев есімді азамат отбасымен бірге ән шырқау арқылы медицина қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірген. 52 жастағы кәсіпкердің музыка саласына қатысы болмаса да, жаңа әннің сөзін досымен ойлап тапқан екен. Бүгінде оның ұлдарының бірі музыкалық білім алуда.

Бақтияр Қалтаевтың айтуынша, Игорь Сарухановтың "Дорогие мои старики" әнінің әуеніне досы Ильяс Оспановпен бірге сөзін жазыпты.

"Төтенше жағдай енгізілгелі үйде карантинде отырмыз. Алайда, медицина қызметкерлері күні-түні қызмет етіп, отбасымен уақыт өткізуге мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан, отбасымызбен оларға алғыс білдіргіміз келді", - дейді кәсіпкер.