Шымкент қаласы ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының 12 құтқарушысы және 2 техникасы Мақтаарал ауданында авариялық-құтқару жмыстарын жалғастыруда.
Құтқарушылар бүгін таңертең түнде су басқан Жеңіс ауылында қап қойған екі адамды алып шықты деп хабарлайды Ernur.kz тілшісі.
Олар 4 мамыр күні кешкі уақытта ауылдан өз беттерімен шыға алмайтындықтарын айтып көмек сұраған. Екеуі де суда қалған үйлеріндегі мүлкін қарауға шыққан көрінеді. Су астында қалған Жеңіс ауылынан екі тұрғынды алып шығу үшін құтқарушылар жел екпінің басылғанын күткен. "Құтқару бөлімшесінің басшысы Е. Оспанов 2 тұрғын биіктікте, қауіпсіз жерде тұратынын, түнеуге арналған сенімді құрылыс бар екенін, үнемі телефон байланысы екенін хабарлады. Эвакуация таңертең басталды. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 5 мамыр күні сағат 11-лер шамасында Жеңіс ауылында қап қойған екі адамды алып шықты",- деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Шымкент қаласы ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының 12 құтқарушысы және 2 техникасы Мақтаарал ауданында авариялық-құтқару жмыстарын жалғастыруда.
Құтқару бөлімшесінің басшысы Е. Оспановтың басшылығымен құтқарушылар 4 мамырда жергілікті халыққа көмек көрсету үшін Жеңіс елді мекенде таңнан кешке дейін тұрғындарды және олардың мүліктерін қауіпсіз жерге көшірді. Осылайша, Жеңіс кентінен Қаражантақ кентіне 70 адам мүлігімен эвакуацияланды. Жеңіс және Қаражантақ кенттерінің арақашықтығы моторлы қайықта шамамен 3 шақырымды құрайды.
Шымкент қаласы ТЖД Мақтаарал ауданына көмек көрсету үшін жеке құрамнан 21 адам, 4 бірлік техника және 6 мотопомпа жіберген.