Мегаполис басшысы Мангелдин көшесіндегі жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің ахуалымен танысты

0
1 068

Жүргіншілер өткелінің сапасына сын-ескертпелер айтқан Шымкент қаласының әкімі мамандарға өткелді тез арада аяқтап, халық игілігіне беруді және жауапкершілікпен қарауды қатаң тапсырды.


Мегаполис басшысы Мангелдин көшесіндегі жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің ахуалымен танысты

Шаһар басшысы сапар аясында Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшелері қиылысындағы орналасқан жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өздеріңізге белгілі, аталмыш жүргіншілер өткелінің құрылысы ұзаққа созылып, тіпті тұрғындардың наразылығын да тудырған болатын. Дегенмен, бүгінгі күні аталмыш өткелдің құрылысы аяқталуға жақын. Алайда, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жағдай толық жасалынып бітпеген.

Айта кетсек, жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын мердігер «ҚазНұр-констракшн» ЖШС-і жүргізген. Жобалаушы – «Береке» ЖШС-і, техникалық қадағалаушы «Мир-Строй и Компания» ЖШС-і.

Бұл жаяу жүргіншілер өткеліне жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы - 215, 768 млн. теңгені құрайды.

Бүгінде өткелдің барлық бөліктеріне тіреулер орнатылып біткен. Тұрғындардың шығып-түсуіне қолайлы етіп жасалған, адамдар ары-бері кедергісіз өтіп жатыр. Құрылыс нысанында жерасты коммуникациялары мен ирригациялық жүйе, жеделсаты орнатылған. Қала әкімдігіндегі жауапты мамандардың мәлімдеуінше, өткел алдағы наурыз айында толық пайдалануға берілмек.

"Бұл салынып біткен нысан. Енді басқаша жасауға тырысамыз. Бұл құрылыс нысанының ахуалымен арнайы келіп, танысып жатырмын. Мәселер туындаса, басқа ұсыныстарды да қараймыз. Құрылыс толық аяқталады деп сөз беремін. Бұл жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі наурыз айында пайдалануға беріледі" - деді Мұрат Әйтенов.

Жүргіншілер өткелінің сапасына сын-ескертпелер айтқан Шымкент қаласының әкімі мамандарға өткелді тез арада аяқтап, халық игілігіне беруді және жауапкершілікпен қарауды қатаң тапсырды.