Мегаполистік оқушылар қазақша сөйлейтін робот жасады

0
1 221

Робот өздігінен қозғалып, қазақша қойылған сұрақтарға жауап бере алады және мобильді қосымшамен басқарылады.


Мегаполистік оқушылар қазақша сөйлейтін робот жасады

Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары Елдос Тұран, Нұрбек Шерехан, Жантөре Мұсаев, Ілияс Өміртай «Ino.lab» инновациялық лабораториясында қазақша сөйлейтін робот жасап шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жас өнертапқыштар бүгінде аталған зертханада ақпараттық технологияларды меңгеріп жүр. Болашақта жасанды интеллектпен жұмыс істейтін осындай роботтарды көптеп жасауды мақсат еткен.

Жас өнертапқыштар жасаған робот өздігінен қозғалып, қазақша қойылған сұрақтарға жауап бере алады және мобильді қосымшамен басқарылады.

Сондай-ақ, топ мүшелері Нұрбек Шерехан, Жантөре Мұсаев, Ілияс Өміртайдың да робот жасауға зор үлес қосқанын жеткізді. «INO» командасы өздері құрастырған қазақша сөйлейтін роботты «U:hack» инновациялық идеялар фестивалінде көпшілік назарына ұсынды.