Қала басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс сапасымен қатар қазыналы қарттардың орталық аумағында серуендеулеріне қолайлы жағдай жасалынуы тиіс.
ERNUR.KZ. Шымкентте мемлекет қамқорлығына алынған қариялардың игілігі үшін жаңа ғимарат бой көтереді.
Қаладағы бірқатар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын аралап, қызмет алушылардың жай-күйімен танысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылыс басқармасының басшысына жаңа типтегі ғимарат құрылысын жүргізу бойынша жобалық сметалық құжат әзірлеуді тапсырды.
Құрылыс нысанын ғимараты осыдан 70 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға беріліп, тозығы жеткен «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының» орнына салу жоспарлануда. Қазір ол ғимараттың жалпы алаңы - 1924,7 шаршы метр, жер көлемі – 0,34 гектарды құрайды.