Мұндай ерекше іс-шара бір мезетте қаладағы үш емханада ұйымдастырылды.
Шымкент қаласында ковидке қарсы вакцина салдырған қала тұрғындарына жас еріктілер арнайы жазуы бар білезік сыйға тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мұндай ерекше іс-шара бір мезетте қаладағы үш емханада ұйымдастырылды.
Қала деңгейінде өткен іс-шара барысында еріктілер 200 азаматқа осындай білезік таратып берді. Ұйымдастырушылар осылайша екпе алған тұрғындардың қоғамға қауіпсіз екенін көпшілікке түсіндіргісі келді.
– Вакцина салдырған соң 7 күннен кейін иммунитет пайда болады. Ауру жұқтырғанның өзінде вакцина салдырған адам оны жеңіл өткізеді. Мутацияға ұшыраған коронавирус аса қауіпті, әйтсе де вакцинаның күші вирустың әсерін азайтады. Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдау – өміріңді сақтайды, – дейді іс-шараға қатысқан дәрігер-инфекционист Жанайым Полат.
Айта кетейік, егу науқаны басталғалы бері қалада 521 078 адам вакцина алды. Оның ішінде 420 725 адам вакцинаның екі компонентін алды. Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді.