​«МЕН ӨЗ ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАДЫМ»: ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

0
216

Сайлаушылар қатарында бұған дейін бірнеше сайлауға және референдумға қатысқан жастар да бар.


​«МЕН ӨЗ ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАДЫМ»: ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

ERNUR.KZ. Бүгін елімізде Құрылтай сайлауында дауыс беру басталды. Шымкент қаласында да сайлау учаскелері өз жұмысын бастап, қала жастары белсенді түрде дауыс беруге қатысуда.


Сайлаушылар қатарында бұған дейін бірнеше сайлауға және референдумға қатысқан жастар да бар. Олар бұл жолғы Құрылтай сайлауының өзіндік ерекшелігі бар екенін атап өтуде.

Дауыс беру арқылы жастар өз азаматтық ұстанымын білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты маңызды үдеріске өз үлесін қосуда.

«Мен өз таңдауымды жасадым» деген ұстаным – жастардың азаматтық белсенділігі мен ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі.