Қала әкімі жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі тиісті мерзімде аяқтауды тапсырды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инженерлік-инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан «Тұран» шағынауданы айналма жолына дейінгі 3 магистралды суаққының құрылыс алаңына барды.
Тұран шағынауданында «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан бастап айналма жолға дейін ұзындығы 4,48 шақырым су тартқышының 2 желісін салу жұмыстары жүргізілуде.
Бас мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Мердігер мекеме құрылысты биыл қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Су құбырларының ұзындығы – 11,378 шақырым. Бүгінге дейін 6,262 шақырым құбыр жұмыстары аяқталды.
Қала әкімі жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі тиісті мерзімде аяқтауды тапсырды.