ШЫМКЕНТ: «Сайрам – су» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары аяқталды

0
480

«Сайрам-су» өзенінде қауіптің болмауына байланысты жарияланған төтенше жағдайды жабу туралы шешім дайындалдып, ҚР Әділет министрлігіне жолданды.


ШЫМКЕНТ: «Сайрам – су» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласында «Сайрам – су» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 9 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің шешімімен Сайрам және Базарқақпа тұрғын алаптарында «Сайрам-су» өзенінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді. «Сайрам-су» өзенінің жағалауын су шайып кету салдарын шектеу және жою қажеттілігіне байланысты осындай шешім қабылданған.
Қала әкімдігінің төтенше резервінен «Сайрам-су» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына қаржы қарастырылды. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгінде жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды.
«Сайрам-су» өзенінде қауіптің болмауына байланысты қала әкімі аппаратымен жарияланған төтенше жағдайды жабу туралы шешім дайындалдып, ҚР Әділет министрлігіне жолданды.