Мұрат Әйтенов жаңадан ашылған медицина орталығының жұмысымен танысты

0
595

Бүгінде орталықта 13 жалпы тәжірбиелі маман, 2 балалар, 2 акушер-гинекологиялық аумағы жұмыс істейді.


Мұрат Әйтенов жаңадан ашылған медицина орталығының жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан ашылған медицина орталығының жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Абай ауданы, Қазығұрт шағынауданында былтыр Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында №14 Емдеу орталығы ашылған болатын.

Тәулігіне 250 адам қабылдай алатын медициналық мекемеге қалалық №11 емхананың 22 мың халқы тіркелді.
Қала әкімі М.Әйтенов орталықтың бүгінгі жұмыс барысымен танысты.
Бүгінде орталықта 13 жалпы тәжірбиелі маман, 2 балалар, 2 акушер-гинекологиялық аумағы жұмыс істейді. Сондай-ақ, кардиолог, ревматолог, хирург, уролог, окулист, эндокринолог, онколог, фтизиатр, социолог, психолог, гинеколог мамандар қызмет атқаруда.
Диагностика бөлімінде тәулік бойы жұмыс атқаратын МРТ, КТ құрылғысы, ультрадыбыстық зерттеу құрылғысы, жатыр мойны ауруларының диагностикасы үшін Видекольпоскоп, офтальмологиялық құрылғылар, лор комбайын орнатылған.
Медицициналық көмек МӘМС және кепілдендірілген тегін көмек аясында жүргізіледі.