Мыңнан астам шымкенттік тұрғын некесін мобильді қосымша арқылы тіркеген

0
763

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков брифинг барысында мәлімдеді.


Мыңнан астам шымкенттік тұрғын некесін мобильді қосымша арқылы тіркеген

Шымкент қаласының мыңнан астам тұрғыны некесін мобильді қосымша арқылы тіркеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков брифинг барысында мәлімдеді.

Сондай-ақ, Әділет вице-министрі Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, қолданыстағы заңнама аясындағы өзекті өзгерістерді атап өтті. Бекболат Молдабеков өткен жылы заңнамаларды өзгерту бойынша елеулі жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

«Мәселен саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін реттейтін заңдар өзгертілді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап елде конституциялық сот жұмыс істейді. Енді Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің барлық азаматтары Конституциялық сотқа жүгіне алады»,- деді Бекболат Молдабеков.

Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы бойынша мобильді қосымша арқылы 1434 неке тіркелген. 60 мыңнан астам бала туу туралы куәлік, ЖШС-ні тіркеуге 160-қа жуық өтінім берілген. Сондай-ақ, заңды тұлғалар туралы 3 мыңға жуық және жылжымайтын мүлік бойынша 200 мыңға жуық мәліметтер берілгені белгілі болды.

Сонымен қатар, өткен жылы заңнамаларды өзгерту бойынша елеулі жұмыстар жүргізілді. “Мәселен саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін реттейтін заңдар өзгертілді.

Айта кетейік, бүгінде АХАЖ саласындағы рәсімді жеңілдету аясында туу туралы куәлікті алу рәсімін жеңілдетіп, оны электронды форматқа аударылғанын, енді құжатты электрондық үкіметтің ресурсы немесе Kaspi және Халық банкінің мобильдік қосымшалары арқылы ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады.

Бүгінгі таңда«eGovmobile» қосымшасында халыққа әділет органдары ұсынатын 37 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
Өткен жылдың 20 шілдесінде «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістер осы ұйымдарды әр авторға жиналған сыйақылар мен олардан ұстап қалу сомалары туралы есеп жіберуге міндеттейді. Енді авторлар жиналған сыйақы туралы ақпарат ала алады.