«Өмірге құштар жандар»: Шымкентте үстел теннисі мен шахмат ойындарынан жарыс өтті

0
708

Шахмат және үстел теннисі бойынша өткен турнирге 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.


«Өмірге құштар жандар»: Шымкентте үстел теннисі мен шахмат ойындарынан жарыс өтті

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Өмірге құштар жандар» атты жастар арасындағы спорттық жарыста мүмкіндігі шектеулі жастар арасында үстел теннисі мен шахмат ойындарынан арнайы жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шара 25-қазан Республика күніне орай, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Шахмат және үстел теннисі бойынша өткен турнирге 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Жарыстың мақсаты – қаламыздағы ерекше жастардың кедергісіз орта қалыптастырып, өмір сүру сапасын арттыру және өмірдің барлық салаларында қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар жөніндегі басқармасының жастармен жұмыс жүргізу және отбасы құндылықтарын насихаттау бөлімінің басшысы Талғат Сәлінұлы іс шаралар мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғам назарына аударуға бағытталғанын атап өтті.

Жалпы аталмыш іс-шаралар кешені аясында жастарға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша курстар, қаланың көрікті жерлері мен мәдени мұражайларға экскурсия жасау, талантты жастардың арасында шығармашылық кештер, жас қолөнер шеберлерінің көрмесі сияқты іс-шаралар өткізілетін болады. Осындай жобалар жастардың жан-жақты дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Спортпен айналысу оларға психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан көмектеседі, – деді Талғат Сәлінұлы. ⠀

Аталған жобаға өмірге құштар 200-дей жастар қатысуда. Алдағы уақытта болатын шығармашылық кеште жарысқа қатысып, үздік нәтиже көрсеткен жандар бағалы сыйлықтармен және алғыс хатпен марапатталатын болады.

Айта кетейік, қаламызда балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы 9 медициналық ұйымда қалпына келтіру және оңалту емі жүргізілуде.