Өз үйінің алдында атып кеткен: Шымкенттік кәсіпкерді тапсырыс беріп өлтірткен серіктесі сотталды

0
1 387

5 миллион теңгеге жалдаған...


Өз үйінің алдында атып кеткен: Шымкенттік кәсіпкерді тапсырыс беріп өлтірткен серіктесі сотталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте бизнестегі серіктесін 5 млн. теңгеге тапсырыс беріп өлтірткен кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында кісі өлтіруге тапсырыс берген бизнесмен мен адам өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі оқылды.

"ҚР ҚК нің 99 бабының 2-ші бөлігі және 28 бабының 3-ші бөлігімен айып тағылған Е.Қалдыбаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Б.Биходжаев ҚР ҚК нің 99 бабы 2-ші бөлігі және 287 бабының 3- ші бөлігімен кінәлі деп танылып 17 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды," - деп мәлімдеді судья Әбсаттар Шахиддинов.

Еске сала кетсек, қанды оқиға өткен жылдың 19 шілдесінде кешқұрым уақытта орын алған еді. Тараз шағын ауданында орналасқан өз үйінен "Лексус" көлігімен ауласынан шығып келе жатқан кәсіпкерді аула тазалаушының формасын киген жігіт атып қашып кеткен болатын. Көлікте оның жұбайы да болған. Алған оқ жарақатынан бизнесмен есін жимастан ауруханада жантәсілім еткен еді. Оның өліміне тапсырыс берген серіктесі ұсталған болатын.

Сотталушының екеуі де жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болады.