«Өзіміздің полиция»: Шымкенттік тәртіп сақшылары оқушыларға көмек көрсетті

0
1 019

Акция аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған.


«Өзіміздің полиция»: Шымкенттік тәртіп сақшылары оқушыларға көмек көрсетті

Шымкенттік полицейлер мен қоғам белсенділері балаларға жаңа оқу жылына қажеттіліктерін дайындап, көмек көрсету мақсатында акция өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте «Өзіміздің полиция» акциясы аясында Қаратау ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және әкімшілік қызметкерлері мен қоғам белсенділері Достық шағын ауданындағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына қажеттіліктерін дайындап, көмек көрсету мақсатында 35 мектеп сөмкесі және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, акция барысында өткізілген халықпен кездесуге Қаратау ауданы Полиция басқарамасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Н.Абдурамановжәне әкімшілік қызметкерлер мен жалпы шамамен 90 жергілікті тұрғын қатысып, Қаратау ауданы аумағында ойын-сауық, сауда орындары, жанар-жағармай құю бекеттері тексерілді және меншік иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.