"Шымкент - ТМД елдерінің мəдени астанасы" аясында өтетін іс-шараларды қадағалайтын арнайы штаб құрылды

0
1 205

Шымкент қаласы 2020 жылы "ТМД елдерінің мəдени астанасы" аясында өтетін іс-шаралардың дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында қалалық штаб құрылды.


Шымкент қаласы 2020 жылы "ТМД елдерінің мəдени астанасы" аясында өтетін іс-шаралардың дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында қалалық штаб құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Штабтың жетекшісі болып қала əкімінің орынбасары М.П.Исахов бекітілді. Ал, штаб жетекшісінің орынбасары қызметін қалалық "Мəдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер" басқармасының басшысы Р.М.Мыңбаев атқаратын болды.

Аптаның әр сенбі күні қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы берілген тапсырмалардың орындалуын тікелей өзі қадағалап отырмақ.
Айта кетейік, биылғы жылы Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойымен қатар "ТМД елдерінің мəдени астанасы" атануына орай республикалық жəне халықаралық деңгейде көптеген іс-шаралар жоспарлануда.