2021 жылға бөлінген қаржы көлемі – 3,8 млрд теңге.
Шымкентте биыл 15 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылға бөлінген қаржы көлемі – 3,8 млрд теңге. Атап айтқанда, ауыз су (32,7 шақырым), жылу (9,9), электр қуаты (69,9 шақырым), газ жүйесі (21,9 шақырым), жолдардың (19,4 шақырым) құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда. Бүгінгі таңда игерілген қаржы – 852,5 млн. теңге. Жыл қорытындысы бойынша 13 нысан пайдалануға беріледі.
Бозарық тұрғын алабындағы инженерлік жүйелер, әкімшілік-іскерлік орталығындағы №7 а, 13, 14 көшелердің құрылысын аяқтау және Тұран шағынауданындағы 4 орамның (№20, 22, 23, 24) жобасын әзірлеуге жалпы 2,9 млрд теңге қосымша қаржы қажеттігі туындауда.