ШЫМКЕНТ: 2019 жылдың қазан айында 4 тұрғын үй қолданысқа беріледі

0
2 241

Әрбір салымшы мемлекеттен 101 мың теңге көлемінде сыйлықақы ала алады.


ШЫМКЕНТ: 2019 жылдың қазан айында 4 тұрғын үй қолданысқа беріледі

Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген жалпы 13 мың 879,2 шаршы метр қолжетімді баспана салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жаңа үйлер қаланың Әкімшілік-іскерлік орталығы «Нұрсəт» шағын ауданында орналасқан. Мұндағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 180 000 теңгені құрайды және баспаналар 50/50 қағидасы бойынша бөлінеді. Яғни пәтерлердің кем дегенде 50%-ы әкімшілікте кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді, қалған 50% пәтерлер кезекке тұрмаған ТҮҚЖБ басқа да салымшылары арасында таратылады. Оған қоса, мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін әкімшілікте кезекте тұрған азаматтар да банкте салымшы атанып, ТҮҚЖБ-да есепшот ашып және қаражат жинақтауы тиіс.

«Алғашқы 224 пәтердің сатып алушылар өтінішті осы жылы 3 қарашасына дейін тапсыруына болады. Қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бірден 4 тұрғын үй беріледі Құрылысты салушы нысандарды 2019 жылдың қазан айы соңында қолданысқа беруді жоспарлап отыр. "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысып және тұрғын үй сатып алу үшін ТҮҚЖБ есепшотында алғашқы жарна үшін пәтер құнының 20%-ы көлемінде қаражат болуы тиіс. Мысалы, 7,7млн теңге тұратын 1 бөлмелі пәтерді сатып алу үшін депозитке 1,5 млн теңге жинақтау қажет. Осыдан кейін банк жылдық 5% мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген қарыз береді», - деп мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шымкент қаласы филиал бөлім басшысы Нұрлан Сұлтанов түсіндірді.

Сондай-ақ, ол пәтерді қолданысқа беру 2019 жылдың 30 қарашасында жоспарланғанын айтып өтті.

«Нұрлы жер» бағдарламасының шарттары бойынша келесідей талаптарға сай келген азаматтар мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйге үміткер атана алады:

  • ҚР азаматтығы немесе оралман статусы бар;
  • ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үйі жоқ (үміткердің өзінде де, онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінде де);
  • төлем қабілетін растау.

Айта кетейік, биыл əрбір салымшы мемлекеттен 101 мың теңге көлемінде сыйақы ала алады.