14 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 3 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасына, 3 адам «Қоғамдық жұмысқа», 9 қандас «Алғашқы жұмыс орындары» бағдарламасына және 1 адамға «Күміс жас» жобасына жолдама берілді.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәліметінше шаһарда жыл басынан бері 283 отбасыдағы 542 адам «қандас» мәртебесін алды.
Ал 34 отбасыдағы 44 адам мәртебесін жарты жылға ұзартты.
Қандастардың 259-ы ер, 283-і әйел, 18 жасқа дейінгі жастар саны – 168, зейнет жасында – 63 адам. Оның ішіде еңбекке қабілеттісі – 311. Білім деңгейі бойынша 61 адамның жоғары білімі болса, 145 қандаста арнайы орта білім, 97
адамда жалпы орта білім және 8 адамның білімі жоқ.
Атажұртқа қоныс аударғандардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасының еншісінде. Көрші елден 441 адам, Қырғызстаннан – 1, Ресейден – 6 адам және Түркіменстаннан – 2 адам келген.
Бүгінде қоныс аударған қандастардың көбісі құрылыс пен сауда-саттықпен және басқада жалдамалы жұмыстармен айналысып жатыр.
Шымкент қаласында қандастарды қоғамға бейімдейтін арнайы орталықта 18 отбасынан 46 адам қызмет алып жатыр. Ал, Еңбек мобильділігі орталығының қызметіне 96 адам жүгініп, 48 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.
Атап айтқанда 14 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 3 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасына, 3 адам «Қоғамдық жұмысқа», 9 қандас «Алғашқы жұмыс орындары» бағдарламасына және 1 адамға «Күміс жас» жобасына жолдама берілді. Сонымен қатар, 18 қандастың «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту курстарында білімін жетілдірді.
Еске салсақ, қандас мәртебесі – шет елдерден тарихи Отанына оралып, Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарға берілетін арнайы құқықтық статус. Бұл мәртебе қандастарға Қазақстанда тұрақты тұруға, жұмысқа орналасуға және азаматтық алуға жеңілдік береді. Қандастар мемлекет тарапынан қолдау көріп, әлеуметтік көмек пен бейімделу бағдарламаларына қатыса алады. Бұл мәртебе этникалық қазақтардың елге оралып, қоғамға сіңісуін жеңілдетуге бағытталған.