ШЫМКЕНТ: Абай ауданында ауыз су, электр жарығымен жүз пайыз қамтылған

0
72

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданда 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 254 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 1,2 млрд.тг қаржы қаралды. Жұмыстар қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында ауыз су, электр жарығымен жүз пайыз қамтылған

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй, 205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар.

Бүгінгі таңда ауданды инфрақұрылым жүйелерімен, яғни ауыз су мен электр жарығымен қамту көрсеткіші 100%. Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында аяқталды.
Ал табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған ол 85,2% құрайды. Қамтылмаған елді мекендер саны – 4, ол 14,8% құрап отыр. Сонымен бірге бүгінгі таңда 2 елді мекенде табиғи газ қосылып, абоненттеу жұмыстары жүргізілдуе, ал қалған 2 елді мекенде Ынтымақ-2 шағын ауданы - 70%, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 60%, құрылысы аяқталған.
Абай ауданы аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды. Асфальт жол - 573 шақырым (48,5%); тас жол – 450,2 шақырым (25,7%);топырақ жолдар –57 шақырым (2,8%)
Айта кетер жайт, 2023 жылы 3,1 млрд.тг 57 көшеге 68,2 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал 2024 жылы 4,3 млрд.тг 74 көшеге 60,1 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда жарықтандыру мәселесіне келер болсақ, 2023 жылы 13 көше жарықтандырылып, жарықтандырылған көшелер саны 193-қа жетті. Жарықпен қамту көрсеткіші 15,1 пайызды құрады.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданда 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 254 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 1,2 млрд.тг қаржы қаралды. Жұмыстар қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда. Мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС.

Бөлісу