ШЫМКЕНТ: Әбдірахымов арыстық тұрғындардың жағдайымен танысып, қолдау көрсетті

0
1 139


ШЫМКЕНТ: Әбдірахымов арыстық тұрғындардың жағдайымен танысып, қолдау көрсетті

Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен жандарға көмек көрсету Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін қала әкімі бастаған топ Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан эвакуациялық пунктердің бірі - Политехникалық колледждің жатақханасына барып, арыстық азаматтарға демеушілердің қолдауымен алынған киім-кешек, азық-түлік және қажет тұрмыстық заттарды жеткізді.

Сондай-ақ, төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен үй-күйін тастап келгендерді жылы сөзбен демеп, қолдау көрсетті.