ШЫМКЕНТ: Адам өмірін сақтап қалған азаматтар Президент марапатына ие болды

0
1 031

Қоғамдық қызметте белсенділік танытатын Оразкүл Айтжанова төрт баланың анасы, 15 немеренің әжесі.


ШЫМКЕНТ: Адам өмірін сақтап қалған азаматтар Президент марапатына ие болды

ҚР Тәуелсіздік күніне орай адам өмірін сақтап қалған шымкенттіктер ерекше құрметке бөленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте өткен «Ел бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиында 11 жасар баланың өміріне төнген қауіптен аман алып қалған зейнеткер Оразкүл Айтжанова ҚР Президентінің Құрмет Грамотасымен марапатталса, мүгедектердің мүддесі мен қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін «Сынақ» мүгедектер қоғамдық бірлестіктер қорының төрағасы Мұрат Жетпісбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Аталған марапатты қала әкімі Ерлан Айтаханов тапсырып, жанашыр азаматтарға зор алғысын білдірді. Сонымен қатар, қайырымды қаланың әрбір азаматы осындай қайсарлық танытып, өзгеге мейірімділік көрсететініне сенімді екенін жеткізді.

Атап айтсақ, қоғамдық қызметте белсенділік танытатын Оразкүл Айтжанова төрт баланың анасы, 15 немеренің әжесі, ал, қайсар мінезді Мұрат Абдукаримұлы төрағалық ететін қоғамдық ұйым бүгінде аз қамтылған, мүгедек азаматтардың көптеген мәселелерінің шешімін табуына өз септігін тигізіп келеді.