ШЫМКЕНТ: адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жөнінде штаб отырысы өтті

0
277


ШЫМКЕНТ: адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жөнінде штаб отырысы өтті

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асыловтың төрағалық етуімен адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жөніндегі өңірлік штаб отырысы өтті.

Жиынға Денсаулық сақтау басқармасы, Білім және Дін істері, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, медициналық ұйым басшылары, аудан әкімдік, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкіллері қатысты.
Штабта денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбаева Сауле АПВ вакцинасы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. 2024 жылғы 1 қазанда Шымкент қаласында 11 жастағы қыздарды адам папиломасы вирусына (АПВ) қарсы вакциналау басталды. Бүгінге дейін 2488-қыз балаға вакцина егілді.
Бөлісу