Шымкент: Әл-Фараби ауданында «Біз біргеміз» акциясымен 740 отбасыға тегін азық-түлік себеті таратылған

0
1 158

Бүгінде санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 4 арнайы жұмысшы топ (мобильный) құрылған.


Шымкент: Әл-Фараби ауданында «Біз біргеміз» акциясымен 740 отбасыға тегін азық-түлік себеті таратылған

Әл-Фараби ауданы тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауданда дезинфекцилау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 4 арнайы жұмысшы топ (мобильный) құрылған.

- Қазіргі таңда аудан аумағында індет ошағы анықталған 12 орын карантиндік режимде, барлық ошақтарда тұрғындар азық-түлікпен, басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етіліп, онда күнделікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде, - деді аудан әкімі.

Төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарына бірқатар әлеуметтік көмектер берілуде. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде 740 отбасыға тегін азық-түлік себеті таратылған.

Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға “Birgemiz” қоғамдық қорынан Текесу елдімекені, «Сәуле» шағынауданы, Ескі шахар аумағы, Терешкова көшелерінде тұратын 3 279 аз қамтылған отбасыға 50 данадан, жалпы 163 950 тегін медициналық бетперде таратылды.

Әл-Фараби ауданы аумағының шекарасында 1 блок-бекет орналасқан. Текесу елдімекеніндегі бекетте аудан әкімдігі тарапынан қызметкерлер кезекшілік жасап, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аудандағы 404 көшеге және 672 көпқабатты үйдегі 2 244 кіреберістерінің барлығына дезинфекция жасалған. Залалсыздандыру жұмыстары 14 сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан атқарылып жатыр. Сондай-ақ, ауданда 192 контейнер алаңшаларындағы қоқыс қалдықтарын тасымалдайтын үш мекеме бар - «Арнайыавтокөлік» (САТ) ЖШС – (Сәуле, Забадам ш/а.); «ЭкоСпецТранс» ЖШС – (Отырар, Айқап ш/а.); «ОрионНовТех» ЖШС – (Орталық аймақ). Осы мекемелер тұрғындармен келісім-шарт негізінде қоқысты қалалық полигонға шығару жұмыстарын күнделікті жүргізеді және дезинфекциялайды.

Бүгінде аудан аумағында азық-түлік сататын 3 базар - «Қырғы базар», «Акбар» және «Қазыбек» жұмыс істеуде. Сондай-ақ 7 ірі сауда үйі, 463 кіші азық-түлік дүкендері, 204 дәріхана, 48 жанар-жағармай бекеттері, 58 екінші деңгейлі банк филиалы, 137 асханалар үйге дейін жеткізіп беру жүйесімен қызмет атқаруда.

- Тұрғындарға бірінші кезекте қажет ететін 9 тауардың тізімі анықталып, олардың шекті бағасы бекітілген. Осыған орай, аудандағы 463 дүкеннің 221 дүкеніне шекті бағадан асырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деді аудан әкімі.