ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік маңызы бар азық түліктердің үстеме мөлшері 10%-ға дейін төмендеді

0
598

31 тауар нарығына талдау жұмыстары жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік маңызы бар азық түліктердің үстеме мөлшері 10%-ға дейін төмендеді

Шымкентте монополияға қарсы комплаенс негізінде әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының үстеме мөлшері 10%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ернар Тұрдалыұлы брифинг барысында мәлімдеді.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі Шымкент қаласы бойынша Департаментімен бәсекелестіктің бұзылу белгілерін алдын алу бағыты бойынша 19 нарық субъектісімен монополияға қарсы комплаенс бекітіліп, 31 тауар нарығына талдау жұмыстары жүргізілді.

Монополияға қарсы комплаенс негізінен әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларын өндіруші және көтерме саудада сатушы мекемелермен, сонымен қатар 2 ірі желі супермаркеттерімен бекітілді.

Нәтижесінде «Фиркан» және «Gramad retail» ЖШС-не тиесілі ірі желі супермаркеттерімен «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына» Заңда рұқсат етілген 15%-дық үстеме мөлшерін 10%-ға дейін төмендетуге қол жеткізілді.

Айта кетейік, бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті 2022 жылы 3 мемлекеттік органға және 29 нарықтық субъектісіне қатысты 19 тергеп-тексеру тағайындалған.

Жүргізілген тергеп-тексерулер нәтижесінде 29 нарық субъектісіне айыппұл салынып, жалпы 132 миллион теңге бюджетке өндірілді.
Оның ішінде 2022 жылдың басында сұйылтылған мұнай газын бөлшек саудада сату нарығына бәсекелестікке қарсы көлденең келісімдер, яғни бағаны бірден өсіру және ұстап тұру фактілері бойынша 5 нарық субъектісіне тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп 73,7 миллион теңге айыппұл салынып бюджетке өндірілді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде картельдік келісімдер болуына байланысты Департаментпен 17 нарық субъектісіне 38,8 миллион теңге айыппұл салынды.