​ШЫМКЕНТ: "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 441 квота бөлінді

0
494

Ал 2023 жылы 429 квота бөлінген.


​ШЫМКЕНТ:

ERNUR.KZ. Шымкентте 2024 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 441 квота бөлінді.


Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде мәлімдеді.

“Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында 2021 жылдан бастап экстракорпоралдық ұрықтандыруға бойынша жыл сайын квота бөлінуде. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2021 жылдан бері 330 сәби дүниеге келді.
Ал 2023 жылы - 429 квота бөлінді (оның ішінде жүкті әйелдер саны - 155, 22 бала дүниеге келді, программада -20), - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.

Сонымен қатар, басқарма басшысы қалада 4 репродукция орталығы - «Экомед-Шымкент» ЖШС, 2 филиал «Эко-Шымкент орталығы» ЖШС, «доктор Тарарак орталығы Шымкент» ЖШС, «Шымкент репродуктивті медицина институты» ЖШС-і жұмыс істейтінін атап өтті.