ШЫМКЕНТ: «Asem clinic» емханасы пайдалануға берілді

0
820

Медициналық нысан 100-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.


ШЫМКЕНТ:  «Asem clinic» емханасы пайдалануға берілді

Шымкент қаласында «Asem clinic» емханасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев өзінің инстаграм парақшасында жазды.
- Өздеріңіз білетіндей, Нұрсәт шағынауданында халық өте тығыз орналасқан. Сондықтан «Asem clinic» емханасының тұрғындар үшін маңызы зор. Бүгінде мұнда 10 000 адам тіркеліп үлгерген. Ең бастысы бір емханадан медициналық қызметтің барлық түрлерін алуға мүмкіндік бар. Мәселен, УДЗ, рентген, ЭКГ, КТ, МРТ, лор және т.б, - деп жазды Рашид Мамытұлы.
Сондай-ақ, медициналық нысан 100-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Емхана тегін мемлекеттік кепілдендірілген көмек көрсету шеңберінде 30 000 азаматты тіркеп, 1 ауысымда 300 адамға тегін медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 36 емхана бар. Кеше қаламызда 3 бірдей емхананың ашылу салтанаты өтті. Енді Нұрсәт шағынауданында «Asem», Қазығұрт шағынауданында «Қазығұрт» және Медицина академиясы жанынан ашылған клиникалар халықтың игілігі үшін қызмет етеді.