Сондай-ақ, ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері де қозғалды.
Шымкентте ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі–ВБжҚК) төрағасы Өтеғұлов Арман Кәрімұлының төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтсақ, аумақтарда биологиялық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері бойынша өткен мәжіліске Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б. Парманов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, ҚР АШМ Шымкент қаласы аумақтық инспекциясының, ҚР АШМ ВБжҚК «РВЗ» ОҚО өңірлік филиалының, «Республикалық індетке қарсы отряд» РММ-нің қызметкерлері және Басқарма басшысы А.Қаныбеков пен Басқарма қызметкерлері және «Ветеринариялық қызмет» МКК-нің мамандары қатысты.
Сондай-ақ, мәжіліс барысында Басқарма басшысының орынбасары М.Ержігітов Шымкент қаласындағы ветеринариялық-профилактикалық, диагностикалық іс-шаралар жоспарының орындалуы, биологиялық және тағамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.
Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар қала аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы егу, қан сынамаларын алып зертханалық тексерту, бірдейлендіру, қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою және энзоотиялық ауруларға қарсы залалсыздандыру жұмыстарына да тоқталып, мәселелерді шешу жолдарын талқылады.