ШЫМКЕНТ: Автобус қаққан тағы бір адам көз жұмды

0
1 084

Бірнеше рет жүрек қағысы тоқтаған жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болмаған.


ШЫМКЕНТ: Автобус қаққан тағы бір адам көз жұмды

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қағып, ауруханаға түскен жасөспірім қайтыс болды. 2006 жылы туған жасөспірім алған жарақаттарынан есін жимастан көз жұмған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2006 жылы туған науқас 08.04.2023 жылы сағат 19.00-де клиникалық өлім жағдайында облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жасөспірім қайтыс болды. Клиникалық өлімде әкелінді. Бірнеше рет жүрек тоқтауы, реанимациялық шаралар әсерсіз болды»,- деп жазылған мәлімдемеде.

Бұған дейін Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, 6 адамды қағып, 4 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.