«Шымкент барысы – 2022» турнирінің жүлдегерлері анықталды

0
900

Қазақ күресі Федерациясы тарапынан Мұзаппаров Ерсұлтанға автокөлік сыйлыққа берілді.


«Шымкент барысы – 2022» турнирінің жүлдегерлері анықталды

Шымкентте «Қала күніне» орай қазақша күрестен «Шымкент барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Белдесуде 90 келіден астам салмақ дәрежесінде 26 балуан күш сынасты. Жарыс Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионның жеңіл атлетикалық аренасында өтті. Жарысқа Әлем және Азия Чемпионатының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберіне үміткерлер қатысты. Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов балуандарға сәттілік тіледі.

Ұлттық спорт түрлері ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл мұрамыз. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтап, дамытуымыз керек. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз аз емес. Бүгінгі жарыс барысында балуандарға сәттілік тілеймін, - деді қала әкімі М.Әйтенов.

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Қазақстан барысы" республикалық турниріне жолдама жеңіп алған спортшыларымыз анықталды.

Жүлделі 1-орын алған Мұзаппаров Ерсұлтан және де 2-орынға ие болған Темірхан Нұрсат "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне жолдама алды, спортшыларымыз қала намысын қорғайтын болады.

Қазақ күресі Федерациясы тарапынан Мұзаппаров Ерсұлтанға автокөлік сыйлыққа берілді, Темірхан Нұрсат спортшымызға қаржылай 350 000 тенге, 3-орын иегері Қожагелді Нұрсұлтанға қаржылай 150 000 тенге сыйлық табысталды.

Қазіргі таңда қаланың 4 спорт мектебінде қазақ күресімен 466 спортшы кәсіби түрде шұғылдануда.

Айта кетейік, "Шымкент барысы 2021" байрақты бәсекесінде жалпы 30-ға жуық балуан белдескен болатын. Олардың қатарында Л.Тажиева атындағы №4 спорт мектебі мен №10 ОРБЖСМспортшылары да бар. Аталған жарыста Ерсұлтан Мұзаппаров жеңімпаз деп танылып, «Шымкент барысы» атанды. Ал Нұрсұлтан Қожагелді екінші, Әл-Фараби Бекұлы үшінші орынды иеленді. Жарыстың қорытындысы бойынша 1-2 орынға ие болған балуандар шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирде Шымкент қаласыны намысын қорғады.