ШЫМКЕНТ: білім беру ұйымдарында ЖРВИ таралуының алдын алуға бақылау күшейтіледі

0
46

Оқу жылының басталуымен балалардың ұйымдасқан ұжымдардағы байланысы артып, инфекциялардың таралу қаупі жоғарылайды.


ШЫМКЕНТ: білім беру ұйымдарында ЖРВИ таралуының алдын алуға бақылау күшейтіледі

Шымкентте ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуіне байланысты білім беру ұйымдарында инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған бірқатар профилактикалық шаралар қарастырылған.

Атап айтқанда, бір инкубациялық кезең ішінде сыныптағы оқушылардың 20 пайызы ЖРВИ-мен ауырған жағдайда кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау және күнтізбелік 10 күн ішінде сыныпқа жаңа оқушыларды қабылдауға шектеу қойылады. Ал сырқаттанған оқушылардың үлесі 30 пайызға және одан жоғары болған жағдайда білім алушыларды онлайн оқыту форматына ауыстыру қамтамасыз етіледі.

Оқу жылының басталуымен балалардың ұйымдасқан ұжымдардағы байланысы артып, инфекциялардың таралу қаупі жоғарылайды. Осыған байланысты білім беру ұйымдарында күнделікті таңертеңгілік сүзгі жүргізу, оқу кабинеттері мен басқа да бөлмелерді тұрақты желдету, санитариялық тазалықты сақтау және қолды өңдеуге арналған антисептиктердің болуын қамтамасыз ету маңызды.
ЖРВИ, тұмау инфекцияларының алдын алу үшін адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу, жабық қоғамдық орындарда маска қолдану, қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар бөлмелерді жүйелі түрде желдетіп, күнделікті ылғалды тазалау жүргізу, жөтелу және түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу қажет.
Мамандар ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспай, медициналық көмекке жүгінуге және науқас адамдармен жақын қарым-қатынасты шектеуге кеңес береді.
Бөлісу