ҚР Парламент Сенатының депутаттары Шымкент қаласына келіп, тұрғын үй құрылыстарын аралап танысты.
Шымкент қаласына іссапармен келген ҚР Парламент Сенатының депутаттары қала құрылысының жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
ҚР Парламент Сенат депутаттары Д. Сатыбалды мен Н. Бекназаров Шымкентте жаңадан бой көтеріп жатқан «Шымсити» құрылыс аймағында болып, құрылыс барысын бақылып, қолданысқа беруге дайын тұрғын үйлердің сапасымен таныс болды. Онда сенаторлар Елбасының "Нұр Отан" партиясының сьезiнде берген тапсырмаларын насихаттап, айтылған мiндеттердi атап өтті.
Бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттен 2019 жылы 14,233 млрд теңгеге 51 тұрғын үйдің құрылыс жүргізу жоспарланған. Соның ішінде 35 кредиттік тұрғын үй, 16 арендалық тұрғын үй салынатын болады. Соның ішінде биыл 27 көп қабатты үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 19 кредиттік болса, 8 арендалық тұрғын үй. Ал, республикалық бюджеттен 2 млрд теңгеге тағы 7 арендалық тұрғын үй салынады.
Елбасының тапсырмасына сәйкес жалпы республика бойынша көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен жыл сайын 50 млрд теңге бөлу жоспарланған. Шымкент қаласы арендалық үйге мұқтаж адамдардың саны жағынан елімізде үшінші орын алатынды. Осыған орай, республика бойынша қаралған қаражаттан Шымкентке тиесілісі 3-5 миллиард теңге болуы мүмкін.