ШЫМКЕНТ: Дәмханада кісі өлтірген күдікті ұсталды

0
1 028

Түркістандық азамат бұрын да сотты болған.


ШЫМКЕНТ: Дәмханада кісі өлтірген күдікті ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында А.Байтұрсынов көшесіндегі бос тұрған дәмханада адам өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттегі жұмыс істемей тұрған дәмхада кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған азамат бұрын сотталған, 1972 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Анық болғандай, алкогольді ішімдік ішуге байланысты туындаған жанжал соңы кісі өліміне соқтырған. Тиісінше ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, қазір уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр.

«Бұған дейін ол ҚР ҚК 120-бабы «зорлау» қылмысы бойынша сотты болған. Ал, аталған жағдай ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 2019 жылдың 4 желтоқсанында Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінен ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған едік.