Шымкент дәмханаларының бірінде атыс болып, бір адам көз жұмды

0
1 788

Төрт жігіт түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық нөмірі бірінші клиникалық ауруханаға жеткізілген.


Шымкент дәмханаларының бірінде атыс болып, бір адам көз жұмды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде атыс болыпп, төрт жігіт жарақат алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласындағы "Самал-2" шағынауданында орналасқан дәмханалардың бірінде кешкі сағат 17.00 шамасында бірнеше рет оқ атылып, 1987, 1989 , 1984, 1994 жылдары туған төрт жігіт түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық нөмірі бірінші клиникалық ауруханаға жеткізілген. Арасындағы 25жастағы жаралы жігіт қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

«Төрт ер адам да оқ жарақатын алған. Қазір Шымкент қалалық нөмірі бірінші аурухана дәрігерлері қажетті ем-домын жасап жатыр. Біреуіне ота жасалды. Төрт пациенттің де іш тұсына оқ тиген», - деп мәлімдеді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, оқиға куәгерлерінің айтуынша, дәмханадағы атыс салдарынан 25-30 жас шамасындағы жігіт көз жұмған.

Әзірге бұл туралы құзырлы органдар ресми мәлімдеме жасаған жоқ.