ШЫМКЕНТ: ​Еңбек ардагері Өркен Абдреев Құрылтай сайлауында дауыс берді

0
31

Еңбек ардагерін сайлау учаскесінің комиссия төрайымы құрметпен қарсы алып, оған шапан жауып, ізет көрсетті.


ШЫМКЕНТ: ​Еңбек ардагері Өркен Абдреев Құрылтай сайлауында дауыс берді

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында Құрылтай сайлауы басталды. Таң сәріден сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатқан азаматтардың қатарында еңбек ардагері, қоғам белсендісі Өркен Абдреев те бар.


Ол №142 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Сайлау учаскесі 15-шағын аудан, №2А үйдегі №24 мектеп-лицейде орналасқан.

Еңбек ардагерін сайлау учаскесінің комиссия төрайымы құрметпен қарсы алып, оған шапан жауып, ізет көрсетті.

Өз таңдауын жасаған Өркен Абдреев елдің болашағы үшін маңызды саяси науқанға әр азаматтың белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті.

Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылып, азаматтарға өз таңдауын жасауға барлық жағдай жасалған.