​Шымкент гарнизонында сержанттарға құрмет көрсетілді

0
54

Әскери тәртіпті нығайтуға, жауынгерлік даярлық деңгейін арттыруға және қызметтік міндеттерін үлгілі орындауға елеулі үлес қосқан сержанттар марапатталды.


​Шымкент гарнизонында сержанттарға құрмет көрсетілді

Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінде Сержанттар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға әскери қызметшілердің отбасы мүшелері, бөлім ардагерлері және жеке құрам қатысты.

Іс-шара барысында әскери тәртіпті нығайтуға, жауынгерлік даярлық деңгейін арттыруға және қызметтік міндеттерін үлгілі орындауға елеулі үлес қосқан сержанттар марапатталды. Жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелер көрсетіп, қызмет барысында кәсібилігімен ерекшеленген бірқатар сержанттарға Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген бөлім басшылығы сержанттар құрамының әскери ұжымдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың жас сарбаздарды тәрбиелеудегі, әскери тәртіпті сақтаудағы және бөлімнің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудегі еңбегіне жоғары баға берді.
Мерекелік іс-шара әскери қызметшілерге ізгі тілектер айтылып, естелік суретке түсумен қорытындыланды.
Бөлісу