ШЫМКЕНТ: қала әкімі “Бозарық” индустриялық аймағында болды

0
253

Осы жылдың тамыз айында Шымкентте Орталық Азиядағы ең ірі қызанақ өсіруге арналған жылыжай кешенінің құрылысын бастау туралы шешім қабылданған болатын.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі “Бозарық” индустриялық аймағында болды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Бозарық” индустриялық аймағында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда инвестор жер жұмыстарын жүргізіп жатыр, кезең-кезеңімен бетон құю мен болат конструкцияларын монтаждауға кіріседі. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы аяқталады.
Ауқымды инвестициялық жобаның құны 650 млн АҚШ долларын құрайды, ал жалпы ауданы 650 гектар. Жобаның бірінші кезеңі іске қосылғаннан кейін 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады, толықтай аяқталған соң 5 мың жұмыс орны құрылады. Жылыжайдың жылдық жалпы өндірістік қуаттылығы 155 мың тонна қызанақ болады деп күтілуде.
Қала әкімі жұмыс барысымен танысып болған соң, жобаны жылдам жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым қуатын арттыру үшін жауапты тұлғаларға толық қолдау көрсетуді тапсырды.
Бөлісу