ШЫМКЕНТ: қала әкімі еңбек ардагерлерін қарттар күнімен құттықтады

0
77


 ШЫМКЕНТ: қала әкімі еңбек ардагерлерін қарттар күнімен құттықтады

Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласының әкімі қаладағы еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің отбасында болып, ізгі тілегін білдірді.

Қала басшысы Жүзбай Қырғызбаев пен Әлімқұл Байбулековтың шаңырағына арнайы барып, құрметті қарттарға естелік сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, ардагерлерге зор денсаулық, отбасы амандығы мен белсенді ұзақ ғұмыр тіледі.

Аталған мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысқан қала әкімі ардагерлер мен зейнеткерлерге қоғамды дамыту жолында сіңірген еңбектері үшін алғысын білдіріп, ерекше көзге түскен азаматтарға төсбелгілер мен арнайы сыйлықтар тапсырды.
«Бұл күн – аға буын өкілдеріне деген ерекше құрмет пен алғысымызды білдіретін маңызды сәт. Қарттарымыздың өмірлік тәжірибесі мен қажырлы еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі. Даналық пен парасаттың иесі болған ардагерлеріміз – халқымыздың рухани байлығы», – делінген қала әкімінің құттықтауында.
Шымкент қаласы әкімдігі ардагерлерге ұзақ ғұмыр, амандық пен жан тыныштығын тілей отырып, олардың өмірі әрдайым отбасылық жылулық пен қоғамның қамқорлығына толы болуына ниеттестік білдіреді.
Бөлісу