Демалыс аумағы жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі.
Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде жергілікті халық гүлзар салу бойынша айтылған мәселеге нүкте қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала басшысы жағдаймен арнайы танысып, тұрғындар мен кәсіпкерлердің талабын тыңдап, мәселені заң шеңберінде шешетінін жеткізген болатын.
Бүгінде Түркістан көшесі мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында сквердің құрылыс жұмыстары басталды. Демеушілердің есебінен салынатын демалыс аумағы жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі.
Қала әкімі құрылыс жұмыстарын бақылап, жауаптыларға гүлзарды сапалы салуды тапсырды.