​Шымкент: қалалық қорғаныс департаментінің қызметкерлерін мерекемен құттықтады

0
291

Шымкент қаласының қорғаныс істері департаментінің жиналыс залында Қарулы Күштер мен жергілікті әскери басқару органдары ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.


​Шымкент: қалалық қорғаныс департаментінің қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары полковник Әжімұхан Шынтаев Республика күніне арналған салтанатты жиналыста жеке құрам мен ардагерлерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дәстүр бойынша жиналыс Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.
Салтанатты іс-шараның басында полковник Әжімұхан Шынтаев құттықтау сөз сөйледі. Ол Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарының ұжымы біздің мемлекеттілігімізді нығайтуға «өз үлесін» салып жатқанын атап өтті және барлық жеке құрамға қызметтерінде жауапкершілік, төзімділік пен ұстамдылық сынды қасиеттерін жоғалтпауды тіледі.
Құттықтау сөздерінен кейін бірқатар әскери қызметшілері мен қызметшілері қалалық қорғаныс істері департаменті бастығының атынан жоғары кәсібилігі мен лауазымдық міндеттерін адал орындағаны үшін алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
Өз сөзінде Қорғаныс министрінің орынбасары атынан жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі белсенді жұмысы үшін алғыс хат алған Қарулы Күштері ардагері, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев өзінің жасына қарамастан, жас ұрпақпен жұмыс істеуге күш пен ынта-жігерге толы екенін атап өтті.
Мерекелік іс-шара «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық сынып оқушыларының жарқын өнерімен аяқталды.