​Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке қабылдады

0
84

Қоғамдық қабылдау барысында көтерілген басқа да мәселелер назардан тыс қалмай, олардың шешу жолдары қарастырылды.


​Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке қабылдады

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қабылдауды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов өткізіп, азаматтардың жеке мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын қарады.

Кездесуге салалық басқармалардың өкілдері де қатысып, тұрғындар көтерген мәселелердің шешу жолдарын жан-жақты талқылады. Қабылдау барысында денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік бағыттағы өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір өтініш назарға алынып, азаматтарға заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.
Қабылдауға келген Нұрсәт шағынауданының тұрғыны жұмыссыз жүргенін айтып, мамандығы бойынша еңбек етуге қолдау көрсетуді сұрады. Оның айтуынша, ол тарих пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерген және білім беру саласында қызмет атқаруға ниетті.
Арман Сәбитов өтініш иесінің жағдайымен танысып, мәселені тиісті мамандармен бірге қарастырды. Нәтижесінде азаматқа жұмыспен қамтуға қатысты қолданыстағы мемлекеттік қолдау тетіктері түсіндіріліп, қолжетімді бос жұмыс орындары ұсынылды. Сондай-ақ жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді байланыстыратын Enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы жарияланған вакансиялар көрсетіліп, қажетті кеңестер берілді.
Қоғамдық қабылдау барысында көтерілген басқа да мәселелер назардан тыс қалмай, олардың шешу жолдары қарастырылды. Бірқатар сұрақтар бойынша түсіндірме берілсе, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бақылауға алынды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, олардың оң шешім табуына ықпал ету, сондай-ақ халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайту.
Бөлісу