Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 427 млн. теңгені үнемдеді

0
900

Мониторинг барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы тарапынан қымбат тұратын планшеттер мен смартфондарды сатып алу фактілері анықталған.


Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 427 млн. теңгені үнемдеді

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев пен денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Т.Варзиловтың қатысуымен онлайн брифинг өтті, деп хабарлайдыERNUR.KZ.

«Жүргізіліп жатқан жұмыс арнасында мемлекет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау, бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын және жымқыруды болдырмау, яғни алдын алу жұмыстары маңызды міндет болып табылады. Осы мақсатта, жыл басынан бастап "Сатып алудың бірыңғай терезесі" веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жүйелі жұмыс орнаттық» - деді Т.Серікбаев.

Спикердің айтуынша, Департаментпен мемлекеттік сатып алу мониторингі барысында қалалық білім басқармасының орта мектептері тарапынан компьютерлерді сатып алу бағасын көтермелеу фактілері анықталған.

«Осыған байланысты, Департаментпен Білім басқармасына қаланың орта мектептері үшін сатып алуды қайта қарауды және техниканың бірыңғай құнын бекіту туралы хаттар жолдады. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемделген бюджеттік қаражат 361,2 млн. (361 155 751) теңгені құрады.

Әкімдікпен үнемделген қаражат 2 мың дана қосымша компьютерлерді сатып алуға бағытталып, қосымша компьютерлер қашықтықтан оқытудың енгізілуіне байланысты аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға берілетін болады» - деді спикер.

Тікелей эфир барысында А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық паркімен тоқтатылған мемлекеттік сатып алулар айтылды.

Табиғи ресрурстар басқармасына бағынысты ұйым аумағында орналастырылғанына қарамастан, 57,2 млн. теңге сомасына жиналмалы металл дәретханалар (7 бірлік) және туннельді жылыжайлар (1 бірлік) сатып алуды жоспарлаған.

Біздің ұсыныстарымыздың нәтижесінде дендропарк сатып алудан мүлдем бас тартып, ал бөлінген қаржы толық көлемде қалалық бюджетке қайтарылды

Сондай-ақ мониторинг барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы тарапынан қымбат тұратын планшеттер мен смартфондарды сатып алу фактілері анықталды.

«Сатып алуды қайта қарау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы біздің хатымыздан кейін Басқарма сатып алудан бас тартып, ал үнемдеу 6,3 млн.теңгені құрады» - деді Т.Серікбаев.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Департамент ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуларға талдау жасады.

«Мониторинг барысында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімдігімен мерекелікіс-шараларды өткізу бойынша қызметтерді сатып алу жоспарланғаны және аталған іс-шараны ұйымдастыруға 1,3 млн. (1 357 142) теңге бөлінгендігі анықталды. Біз енгізген ұсыным бойынша аудандық әкімдік сатып алу рәсімін қайта қарап, жоғарыда көрсетілген бюджет қаражатын үнемдей отырып, оны өткізуден бас тартты» -деді Департамент басшысының бірінші орынбасары.

Жалпы, мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жүргізілген жұмыстар барысында Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен 427 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.