Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет етудің күшейтілген нұсқасына көшірілді

0
2 416

ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде бірқатар шаралар қабылдады.


Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет етудің күшейтілген нұсқасына көшірілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет етудің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қаладағы 161 тойханада, 801 қоғамдық тамақтану нысанында, 29 базар және 23 ірі сауда орнында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тексеруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде COVID-19 коронавирусының таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төтенше жағдай енгізуіне байланысты және Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде бірқатар шаралар қабылданып, уақытша шектеулер қойылды.

Атап айтқанда:
• Ірі сауда нысандарының жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін;

• Киім-кешек базарлары сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін;

• Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты сағат 22:00-ге дейін және онда келушілердің саны бір уақытта 50 адамнан аспауы тиіс.

Қойылған шектеулерді орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша (төтенше жағдай режимін бұзу) 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау түрінде жаза көзделген. Билік өкілдері заң талаптарына бағынбағаны үшін тәртіп бұзушыларға ҚР ҚК 379-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды.

Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет етудің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қаладағы 161 тойханада, 801 қоғамдық тамақтану нысанында, 29 базар және 23 ірі сауда орнында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тексеруде.

Ерекше маңызға ие мемлекеттік нысандар мен мекемелерді тәулік бойы күзетуде. Әуежайларда қалаға келушілерді жедел жәрдем қызметкерлерімен бірлесіп қабылдап, денсаулығы күмән тудырған жағдайда, патрульдік полиция қызметінің автоэкипаждары жедел жәрдем қызметінің автокөліктеріне ілесіп, оларды медициналық емдеу мекемесіне жеткізуде.